03.02.2023
21:01
1810
Тауға шығатындар үшін мобильді қосымша іске қосылады

Тауға шығатындар үшін мобильді қосымша іске қосылады

Елімізде тауға саяхаттауды ұнататын туристерге арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және Төтенше жағдайлар департаменттерінің базасымен интеграцияланатын тауға жорықты ұнататын әуесқойлар үшін «Tau Go» смарт-навигатор мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Одан бөлек, 2 ГИС жүйесі арқылы офлайн режимде жұмыс істейтін таулы аймақтардағы туристік маршруттарды цифрландыру бойынша шаруа қолға алынды», - дейді ол.

Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, туристердің қауіпсіздігі үшін шұғыл қызмет телефондары көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орнатылмақ.

Министр орынбасары келтірген мәлімет бойынша қыс басталғалы тауда адасқан 147 туристі табуда 14 іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді.