«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

13 Желтоқсан 2022, 03:37 1796

33 жоба үздік деп танылды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын беріледі.

Жобаның мақсаты – белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету.

Биыл 1000-нан астам жастың жобалары қабылданды. Нәтижесінде «Тәуелсіздік ұрпақтарыә гранты 2022 жылы «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша үздік деп танылған 33 жобаның жеңімпаздарына табысталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: