Тәуелсіздік күні Астананың ең көрікті саябақтарында демалуға болады

13 Желтоқсан 2022, 18:06 2142

Елорданың оң жақ жағалауында орналасқан сырғанақ алаңдары

Қыс мезгілінде иммунитетті көтерудің түрлі жолы бар. Алайда балалар үшін таза ауада жарыса ойнап дене шынықтырғанға жетері жоқ. Алыс жерге бармай-ақ, қала ішінде аспан астында отбасылық уақыт өткізуге болатын алаңдар ашылып жатыр. El.kz ақпараттық агенттігі "Тәуелсіздік күніне" арналған демалыс күндері баруға болатын сырғанақ алаңының жиынан ұсынады. 

Мұз айдыны мен сырғанақты бірден жаңа жылдық бейнемен байланыстырамыз. Шынымен де қыстың сәнін келтіретін қысқы спорттық ойындар. Алғашқы ұлпа қар жауғанда аққала жасап атысып, қар қалыңдағанда шаңғы тебу кімге ұнамас.  Саябақтардағы мейрамдық безендірулермен әсемделіп, бірнеше метрге жалғасатын сырғанақтарды көргенде үлкендердің де балаша қызықтайтыны анық. Әкімдік тарапынан немесе мемлекеттік мекемелердің алаңында жасалуы қажет сырғанақтар алдағы тәуелсіздік мейрамынан кейін пайда болады деп жоспарлануда. 

Бас қаладағы ең ұзын мұз сырғанағы Президент саябағының көру алаңының аумағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 20 метрден асатын 2 сырғанақ бар. Кез келген уақытта ашық алаңда уақыт өткізуге мүмкіндік қарастырылған. Алайда арнайы сырғанауға арналған тюбингіңіз болғаны жөн. Маңында жалдамалы шаңғыларда қарастырылған, дегенмен бағасы тұрғындарды көңілінен шықпайды. 

Аязды күні бой жылытып, достармен көңіл көтерген жақсы-ақ, десе де сақтық шараларын сақтау қажет. Кейбір демалушылар жас ерекшелігіне мән бермей түрлі жағдайларға тап болады. Мысалға, жоғарыдағы сырғанақта 7 жасқа дейінгі балаға жалғыз өзіне сырғанауға тыйым салынады.  Кішкентай демалушыларға арналып жасалған қауіпсіз сырғанақтың өзінен де абай болған жөн. 

Қазақ ұлттық өнер академиясы алдында басқаларынан ерекшеленген сырғанақ құрастырылып жатыр. Оның ерекшелігі мұздан жасалғандығы. . Құрастырушылардың айтуынша, апта соңындағы мейрам күндерінде тұрғындар келіп, сырғанауларына болады. 

Жетісу саябағында тегін мұз айдыны дайын. Ал сырғанақ осы апта соңына дейін құралып бітеді. Тәуелсіздік күні бұл жер халыққа толы болады. Саябақ әкімшілігі мерекелік атмосферасын сезіну үшін қала тұрғындарын саябаққа шақыруда. 

Форматы ерекше сырғанақтар да бой көтеріп жатыр.Төмендегі мұз сырғанағы ақылы қызмет көрсетеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер жұмыс жасайды. Себебі ағаштан жасалған биік үйшіктерде көп адамның жүруіне тиым салынады. 

Айым Даниярқызы
Бөлісу: