Отандық актер, модель Тәуекел Мүслім балалық шағы оңай болмағанын көпшілік жақсы біледі. Өйткені, оның әкесі Сабыр Мүслімнің 90-жылдардағы қылмыс әлемнің серкелерінің бірі атанды. Сондықтан бала тәрбиесі анасына жүктелді. Бірақ анасының да Тәуекелге көбірек көңіл бөлуге уақыты аз болыпты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Анасы Галина Мамажан «Қыздар-ай» бағдарламасына берген сұхбатында бала кезінде жеткілікті мейірім бере алмағанын айтты.
Тәуекел: «Бізге көп қарамадыңыз. Тамақ беріп, жұмысқа кетіп қалатынсыз. Мүлдем сөйлесуге уақытыңыз болған жоқ» деп айтып отырады. Мен оған: «Сендерді асырап-бағамын деп, қарайтын уақытым да болған жоқ», - деймін. Мейіріміңді көрсетпедің деп, есінде сақтап қалған. Ал менің балаларды асыраймын деп, көп көңіл бөлуге уақытым болған жоқ, - дейді анасы.
Ол «бәріне үлгеру керек» деген принциппен өмір сүрген. Сондықтан көп уақыты бола бермепті.
Қазіргі балалары телефонмен алдандырып қояды. Оны бермесең, тамақтың үстінде бақырып, шақырып, бәрін шашып тастайды. «Менің көзімше ұрмаңдар, жүрегім шыдамайды», - деймін. Тәуекел: «Бізді кезінде ұрдыңыз ғой. Енді немереңізді қорғайсыз»- деп күледі. Кезінде оларға қол көтерсем, жаман болсын деп ұрмадым, - дейді Галина Мамажан.
Айта кетейік, Тәуекел Мүслімнің әкесі Сабыр Мүслім Түркістан өңірінің тумасы. 90-жылдары қылмыс әлемінде аты шыққан. Дегенмен, бірге араласқан азаматтар оның ұлтжанды, жағдайы төмен отбасыларға көп көмектескенін айтады. Баласы әкесін кезінде былай деп еске алған болатын:
Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім. Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы.Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын, - дейді Тәуекел Мүслім.