23.08.2025
10:24
399
Таудағы драма: Аяғын сындырған туристі құтқару операциясы 5 сағатқа созылды

Таудағы драма: Аяғын сындырған туристі құтқару операциясы 5 сағатқа созылды

Іле Алатауы тауында, Молодежный асуында төтенше жағдай орын алды. 45 жастағы Бельгия азаматы тауға көтерілу кезінде аяғын сындырып, қозғалысын жалғастыра алмады қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оның жұбайы 112 қоңырау шалып, көмек сұрады. Көмекке ТЖМ құтқарушыларының екі тобы «Тұйық-Су» және «Мұзтау» бақылау-құтқару пункттерінен шықты.

Олар жәбірленушіге 3 сағат ішінде жетті. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ең ауыр кезең - тау соқпағымен жаяу түсу басталды. Түсіру бес сағатқа жуық уақыт алды.

Нәтижесінде ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Олар оны Алматыдағы ауруханаға жеткізді.