Тауда жоғалған тиктокер табылды

8 Маусым 2023, 17:00 1200

Белгілі тиктокер 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департементі табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін Алматы қаласының әуесқой саяхатшы, - делінген хабарламада.

Шақыру орнына 1986 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.

Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет емес.

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Дамир Кушеев TikTok желісінде түрлі көрікті жерлерге велосипедпен бару арқылы танымал болған.

Алмас Абылай
Бөлісу: