Тауда өзін жайсыз сезінген ресейлік турист тікұшақ көмегімен құтқарылды

5 Тамыз, 03:30 704

Алматы облысының құтқарушылары шетелік туристке көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында туристік маршрутпен жүріп келе жатқан Ресей Федерациясының алты азаматынан тұратын топтың басшысы - 1968 жылы туған әйел өзін жайсыз сезініп, әрі қарай өздігінен жүре алмаған. 

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсірді. Турист әйелді Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ал қалған шетелдік туристер өз маршруттарын жалғастырған.

 

Зарина Арман
Бөлісу: