Алматыда тау бөктеріндегі өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалын аумағы - 15 гектар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 95-ге жуық қызметкер және 37-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Төтеншеліктердің мәліметінше, таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Біз бұған дейін тау бөктерінде өрт шыққаны туралы жаздық.