Қазіргі кезде көп адам өз кәсібін ашуды армандайды. Банктен рәсімделген несиелерді пайдаланып кәсіпті бастау – үлкен тәуекел. Сондықтан жаңадан кәсіп бастаушы шағын бизнесмендерді қолдау мақсатында елімізде «Бастау Бизнес» жобасы іске қосылған болатын.
«Бастау Бизнес» бағдарламасы кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін артуды мақсат етеді. Аталмыш жобаға жұмыссыздар, жастар соның ішінде NEET санатындағылар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған және көп балалы отбасылар сондай еңбекке қабілетті мүгедектер қатыса алады.
Оқу процесі кезінде әр қатысушыға бизнес-жаттықтырушылар кәсіп бастау жайында ақпараттық кеңес берумен шұғылданады. Ал оқу аяқталған соң олардың әрқайсысына «оқуға қатысқанын растайтын» болмаса «оқуды тәмамдағанын растайтын» сертификат табыс етіледі. Ал екінші сертификатқа ие болғандарға льготтық микронесие болмаса 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде қаржылай грант беріледі.
– «Бастау Бизнес» жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау шараларының кешенін қамтиды. Бұл бизнес негіздерін оқытуды, бизнес-жоспарды әзірлеуге көмек көрсетуді және бизнес-консалтингті қамтамасыз ететін тиімді құралдардың бірі. Сондай-ақ жоба аясында іске асырылған жобаларға 12 ай, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 18 айға қолдау көрсетіледі, - дейді «Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Назерке Есеналиева.
Соңғы бес жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 184 902 қатысушы оқыған. Оның ішінде 122 247 жұмыссыздар, 56957 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 5698 ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
– Оқыту соңында шамамен 60 мыңнан астам жоба іске қосылды. Оның 40 мыңға жуығы грант иеленді. Ал қалған 20 мыңға жуығы шағын несие арқылы жобаларды жүзеге асырды. Елімізде 70 мыңға жуық жұмыс орны ашылды және сол арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңге салық төленді, - дейді Назерке Есеналиева.
Былтыр бұл жоба арқылы 33 374 қатысушы оқуды аяқтап шыққан. Оның 21283-і жұмыссыз болса, 9563-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ал қалғаны ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Мүгедек адамдар ұйымының қызметіне қатысты "Атамекен" ҰКП "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған "Бастау Бизнес" жобасын іске асыруда. Білім алушылар санатының бірі оқуға, қаржыландыру алуға және өз бизнес-идеяларын іске асыруға қабілетті еңбекке қабілетті мүгедектер болып табылады. 2017-2021 жылдары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 184 902 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды, оқытылғандардың ішінен 5239 адам (2,8%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға жатады. 5 жыл ішінде 59 684 бизнес-жоба іске қосылды (32%), оның ішінде 1873 жобаны (3,1%) мүмкіндігі шектеулі адамдар іске асырды. 5 лектің қорытындысы бойынша 33 374 адам оқуды аяқтады, оқытылғандар санынан мүгедектердің үлесі 3,7% (1 205 адам) құрайды. Мүгедектік топтары бойынша талдау көрсеткендей, 3 топтағы мүгедектігі бар қатысушылар саны басым - 740 адам, бұл 61,4% - ды құрайды. Гендерлік белгі бойынша мүмкіндіктері шектеулі жобаға қатысушылар (1205 адам) бойынша деректерді талдау мынадай түрде ұсынылған: ерлер - 741 адам, бұл 61%; әйелдер - 464 адам, бұл 39% құрайды. 2021 жылы 15 322 адам бизнес-жобаларын ашты / кеңейтті, оның ішінде 267 адам (1,7%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиесілі.
Білім алушылар санатының бірі оқуға, қаржыландыру алуға және өз бизнес-идеяларын іске асыруға қабілетті еңбекке қабілетті мүгедектер болып табылады. 2017-2021 жылдары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 184 902 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды, оқытылғандардың ішінен 5239 адам (2,8%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға жатады. 5 жыл ішінде 59 684 бизнес-жоба іске қосылды (32%), оның ішінде 1873 жобаны (3,1%) мүмкіндігі шектеулі адамдар іске асырды.
2021 жылы 15 322 адам бизнес-жобаларын ашты / кеңейтті, оның ішінде 267 адам (1,7%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиесілі. 244 адам (91%) "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде бөлінген гранттар есебінен бизнесті іске қосты; Қызмет бағыттары бойынша АӨК саласында іске асырылған бизнес-жобалар бойынша 148 жоба немесе 55% - ы және АӨК емес салада 119 жоба немесе 45% - ы тиесілі. АӨК саласында мүмкіндіктері шектеулі қатысушылар ірі қара мал – сүт – 67 жоба, жылқы шаруашылығы (қымыз және репродукция) – 17 жоба және қой шаруашылығы (оның ішінде ешкі) - 20 жоба бағыттары бойынша бизнесін ашады/кеңейтеді. АӨК саласында тігін цехы (ателье, тоқыма цехы) – 27 жоба, дүкен (азық – түлік, шаруашылық, құрылыс) – 11 жоба, сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз) - 9 жоба сияқты бағыттар бойынша жобалар басым емес.
244 адам (91%) "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде бөлінген гранттар есебінен бизнесті іске қосты; 18 адам (7%) "АШҚҚҚ"АҚ микрокредиттеу қаражаты есебінен жобаларды іске асырды; "БЖК-2025"бағдарламасы бойынша 5 адам гранттық қаржыландыруға ие болды. Мүмкіндігі шектеулі бизнесті ашқан қатысушылардың ұйымдық-құқықтық нысандарын талдау көрсеткендей, олардың басым бөлігі ЖК ретінде жұмыс істейді – 174 адам немесе 65,2%. Қалған қатысушылар БЖТ төлеушілер - 90 адам немесе 33,7%. Қатысушылардың аз үлесі ШҚ – 2 адам (0,7%) және ФХ 1 адам (0,4%) нысанында. Қызмет бағыттары бойынша АӨК саласында іске асырылған бизнес-жобалар бойынша 148 жоба немесе 55% - ы және АӨК емес салада 119 жоба немесе 45% - ы тиесілі.
АӨК саласында мүмкіндіктері шектеулі қатысушылар ірі қара мал – сүт – 67 жоба, жылқы шаруашылығы (қымыз және репродукция) – 17 жоба және қой шаруашылығы (оның ішінде ешкі) - 20 жоба бағыттары бойынша бизнесін ашады/кеңейтеді. АӨК саласында тігін цехы (ателье, тоқыма цехы) – 27 жоба, дүкен (азық – түлік, шаруашылық, құрылыс) – 11 жоба, сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз) - 9 жоба сияқты бағыттар бойынша жобалар басым емес. Оқыту нәтижелері бойынша 60 261 жоба іске қосылды, оның ішінде 39 923 адам немесе (67%) грант алды, 19 761 адам немесе (33%) жобаларды микрокредиттер есебінен іске асырды. Оның ішінде жастар 24 896 адам (41%). 70 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, 1,6 млрд.теңге сомасына салық төленді.
2021 жылы жоспар бойынша 30 мың адам болса, оқуды 33 374 қатысушы аяқтады. Оның ішінде: 21 283 жұмыссыздар, 9 563 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 10 495 адам немесе (31%) NEET санатындағы жастар (жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың ұрпағы). Ағымдағы жылы 15 899 жоба іске асырылды, оның ішінде 3692 өткен жылдардағы оқытуға қатысушылар. Оның ішінде 12057 адам немесе (75%) гранттық қаржыландыру алды, 3 842 адам немесе (25%) микрокредиттер есебінен бизнес ашты. Іске асырылған жобалардың ішінде 5745 адам немесе 36% NEET жастар санатына жатады.
Іске асырылған жобалардың ішінде 9120 жоба немесе (57%) Ауыл шаруашылығы саласына, 6779 жоба немесе (43%) сервис, сауда және қызмет көрсету саласындағы жобаларға жатады.2021 жылы жобаны іске асыру оқыту, микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеуден тұратын бірыңғай экожүйеде ұйымдастырылды. Үкіметтің қолдауының арқасында ЖАО-мен бірлесіп 15 "Атамекен"МҚҰ желісі құрылды. "Бастау" түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні өңірлік МҚҰ 17,8 млрд. теңге сомасына 2 724 өтінім қабылдады, барлығы 7,0 млрд. теңге сомасына 1 207 микрокредит берілді. Берілген микрокредиттердің нәтижелері бойынша 5 мыңнан астам жаңа кәсіпорын және 10 000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, сондай-ақ бюджетке салық төлемдерінің көлемі ұлғаяды деп күтілуде. 5 лектің қорытындысы бойынша 33 374 адам оқуды аяқтады, оқытылғандар санынан мүгедектердің үлесі 3,7% (1 205 адам) құрайды. Мүгедектік топтары бойынша талдау көрсеткендей, 3 топтағы мүгедектігі бар қатысушылар саны басым - 740 адам, бұл 61,4% - ды құрайды. Гендерлік белгі бойынша мүмкіндіктері шектеулі жобаға қатысушылар (1205 адам) бойынша деректерді талдау мынадай түрде ұсынылған: ерлер - 741 адам, бұл 61%; әйелдер - 464 адам, бұл 39% құрайды.
Ағымдағы жылы" Бастау Бизнес " ұлттық жоба аясында жұмыс істейтін болады. Алдағы жылдары "Бастау Бизнес" жобасының басты басымдықтарының бірі жұмыссыз жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын оқыту болады. Биыл 30 мың адамды оқыту жоспарлануда. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға 10 мың грант бөлді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша грант сомасы 400 АЕК мөлшерінде ұлғайтылады. Ұлттық жоба бойынша "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін 2021 жылы -35%, 2022 жылы -40%, 2023 жылы -45%, 2024 жылы -50%, 2025 жылы -60% ұлғайту.
Мүгедек адамдар ұйымының қызметіне қатысты "Атамекен" ҰКП "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған "Бастау Бизнес" жобасын іске асыруда. Білім алушылар санатының бірі оқуға, қаржыландыру алуға және өз бизнес-идеяларын іске асыруға қабілетті еңбекке қабілетті мүгедектер болып табылады. 2017-2021 жылдары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 184 902 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды, оқытылғандардың ішінен 5239 адам (2,8%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға жатады. 5 жыл ішінде 59 684 бизнес-жоба іске қосылды (32%), оның ішінде 1873 жобаны (3,1%) мүмкіндігі шектеулі адамдар іске асырды.
5 лектің қорытындысы бойынша 33 374 адам оқуды аяқтады, оқытылғандар санынан мүгедектердің үлесі 3,7% (1 205 адам) құрайды. Мүгедектік топтары бойынша талдау көрсеткендей, 3 топтағы мүгедектігі бар қатысушылар саны басым - 740 адам, бұл 61,4% - ды құрайды. Гендерлік белгі бойынша мүмкіндіктері шектеулі жобаға қатысушылар (1205 адам) бойынша деректерді талдау мынадай түрде ұсынылған: ерлер - 741 адам, бұл 61%; әйелдер - 464 адам, бұл 39% құрайды.
2021 жылы 15 322 адам бизнес-жобаларын ашты / кеңейтті, оның ішінде 267 адам (1,7%) мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиесілі. 244 адам (91%) "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде бөлінген гранттар есебінен бизнесті іске қосты; Қызмет бағыттары бойынша АӨК саласында іске асырылған бизнес-жобалар бойынша 148 жоба немесе 55% - ы және АӨК емес салада 119 жоба немесе 45% - ы тиесілі. АӨК саласында мүмкіндіктері шектеулі қатысушылар ірі қара мал – сүт – 67 жоба, жылқы шаруашылығы (қымыз және репродукция) – 17 жоба және қой шаруашылығы (оның ішінде ешкі) - 20 жоба бағыттары бойынша бизнесін ашады/кеңейтеді. АӨК саласында тігін цехы (ателье, тоқыма цехы) – 27 жоба, дүкен (азық – түлік, шаруашылық, құрылыс) – 11 жоба, сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз) - 9 жоба сияқты бағыттар бойынша жобалар басым емес.
Кәсіпті нәсіп еткен елордалық кәсіпкер келіншек
Елордалық Махаббат Қозжанованың балаларының біреуінің тәттіге аллергиясы бар. Сондықтан ол 2019 жылы қантсыз шоколад, тәттілер дайындауды үйрететін мастер классқа жазылып, үй жағдайында әзірлеудің қыр-сырын меңгереді.
– Тәттілерді алдымен үйдегілерге, туған-туыстарға және таныстарға дайындап жүрмін. Ал 2020 жылдың қыс айынан бастап жұмыстарымды әлеуметтік желіге жүктей бастадым. Олардың пішіндері – әртүрлі. Сол уақытта әзірлеген тәттілерімді таныстарым, жақындарым сатып алып, кәсібіме қолдау көрсетті. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшама жүктеген тәттілердің бірін қалдырмай сатып алды, - дейді елордалық тұрғын Махаббат Қозжанова.
Осылайша оның осы ісіне деген қызығушылығы бірте-бірте арта бастайды. Кәсіпкер келіншек әсіресе мейрам қарсаңында сатып алушылардың қарасы көбейетінін айтады. Алғашында бұл іске Махаббат бизнес емес, хобби ретінде қараған. Өйткені бұдан соншалықты көп табыс та түспейтін. Керісінше ол бұл кәсіпке қаржы салып тұрғанын айтады.
– Ал 2020 жылы күллі әлемге таралған коронавирус басталды. Көп орындар карантинге жабылды. Және тапсырыстар да азайды. Сол уақытта мен «Instagram» парақшасын жүргізу бойынша курстарға жазылып, оқып шықтым. Мұнда қажетті пайдалы ақпараттар алдым. Содан бастап менің әлеуметтік желідегі парақшам түбегейлі өзгерді деуге болады. Бірақ та қыркүйек айында тапсырыстар саны тағы да азайып қалды. Айына шамамен екі-үш тапсырыс ғана болатын, - деп еске түсірді кәсіпкер.
Кәсіпкер сатылым аз болған сәттері қсоымша түрлі курстарға барып, кәсіби білім деңгейін арттырғанын айтады. Сондай-ақ елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарында жәрмеңкелерге қатысқан.
– Жәрмеңкелерде сауда жақсы жүрді. Мұнда мен шамамен екі аптадай болдым. Түнде тәттілерді әзірлеймін, ал күндіз жәрмеңкелерде сатумен айналыстым. Осындай уақытта жақындарыңның қолдауы ауадай қажет. Маған жолдасым көп көмектесті. Мені таңертеңгілік сауда орталықтарына апарып, кешкілік үйге жеткізіп отырды. Осында таңғы 10-нан кешкі 22.00-ге дейін тұратынмын. Заттарымызды жинақтап, үйге жеткенше сағат тілі түн жарым болатын. Сондай-ақ маған әкем де қолдау көрсетті. Ол кісі тәттілерге қажет заттарды дүкендерден сатып әкеліп отырды. Өйткені сол уақытта кіші ұлым 10 айлық еді, - дейді ол.
Жәрмеңкедегі орынға бір күнге Махаббат шамамен 10 мың теңгедей төлеп тұрған. Алайда сатып алушылар көп болғанын айтады.
Ол осы кәсіпті бар-жоғы 30 мың теңге қаржымен бастапты. Ол ақшаға тәттілерді әзірлеуге арналған арнайы ыдыстарын сатып алған.
– Тәттілер үш ингредиенттен тұрады. Олар үгітілген какао, какао майы, және какао өнімдер. Барлығы да жоғары сұрыпты өнім екенін айта кетейін. Тек табиғи өнімдерді таңдаймын. Тәттілер мидың жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бұлар әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын, спортшылар, аллергиясы бар адамдар және т.б. арналған, - дейді ол.
Бүгінде адамдар біртіндеп дұрыс тамақтануға көшкен.
–Бұл іс маған не береді? Осы іспен айналысу арқылы отбасыма да көбірек уақыт бөлетін болдым. Тіпті өзіме де уақыт таба аламын. Бала кезімнен би үйірмесіне баруды армандайтынмын. Осы кәсібім арқылы соған баруға да уақыт табылды.
Ал «Бизнес Бастау» жобасы жайында Махаббат бір танысынан естіп-білген. Содан 2020 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына барып, осы жобаға қатысуға ниет білдіреді. Барлық талаптарынан мүдірмей өтіп, нәтижесінде 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде грант ұтып алады. Шамамен 600 мың теңгеге тәттілер әзірлеуге қажет құрал-жабдықтар сатып алады.
– Кез келген кәсіпті бастаған уақытта қиындықтар болатыны рас. Бастысы соларды еңсеру қажет деп есептеймін. Іштей осы кәсіпке ниетіңіз, құлшынысыңыз болуы қажет. Осы уақытқа дейін біраз дүниені бастан өткердік. Артқа шегінуге жол жоқ. Тек ақырын жүріп болсын, алға қадам басу қажет. Қуантарлығы, тапсырыстар бар. Кәсіптерін енді бастап жатқан біз секілді азаматтарға қаржылай қолдау керек екені рас. Тек бір орында тоқтап тұрмай, әрекет ете беруіміз керек, - дейді ол.
Қазіргі кезде тәттілерін әлеуметтік желі арқылы сатылымға шығарған Махаббат үнемі кәсіби тұрғыда білім деңгейін шыңдап отыратынын айтады. Өйткені уақыт өткен сайын жаңа дүниелер шығады. Соларға ілесіп отыр қажет.