«Татар қызы» байқауы ұйымдастырылды

19 Наурыз 2018, 01:50 2264

«Татар қызы» байқауын облыстық Достық үйі және «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. Байқау қорытындысы қазақ драма театырында өтті. Аруларды қолдау үшін туысқандары, жолдастары, әріптестері және Қостанай қаласының тұрғындары келді. Зал көрермендерге толы болды.

- «Татар Қызы» байқауын бірінші рет осындай дәрежеде өткіздік. Осыған дейін байқау қауым ішінде өтіп жүрді. Биыл қалалық дәрежеге көтеріп, ашық түрінде өткіздік. Қатысуға барлық ықыласын білдірген татар және башқұрттар келді. 10 қыз қатысып, 7-і іріктеуден өтті. Бірінші кезең – аспаздық байқау. Қыздар татар салмасы – тоқмач дайындауға жарысты. Байқауға қатысушы қыздар бұл тапсырманы орындап шықты. Екінші кезең – тігу. Қыздарға орамалда гүл тігу тапсырмасы берілді. Барлығы бұл тапсырманы орындады. Сондықтан нәтижеге жетерде қажырлы күрес басталды, - деп «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ринад Бектемиров айтып кетті.

Қонақтар үшін жайда фото және чак-чак көрмесі ұйымдастырылды. Чак-чактың түрлі түрлері болды.  

Соңында жеті қыз татар тілінде сөйлеу, Татарстанның мәдениеті мен тарихын білуге өз білімін көрсетті. «Таныстыру» байқауында қыздар өздерін татар тілінде таныстырды. Шығармашылық өнерде қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең айтты. Интеллектуалдық байқауда қыздар сұрақтарға жауап берді, ал «Дефиле» байқауында қыздар ұлттық киімдерін көрсетті.  

Нәтижесінде Дина Абдрахманова жеңімпаз атанды. Дина – болашақ аудармашы, демалыстарға шығып, ән айтуды ұнатады. Жетік қазақ, орыс және татар тілдерін біледі.

«Үздік дарын» атағына Камилла Нафикова ие болды. Ол болашақ журналист, фотоға және бейнеге түсіргенді ұнатады, тамаша билейді.  

«Ең сымбатты» номинациясына Яна Федорович ие болды. Яна оқуын аяқтап, диплом алуға дайындалып жатыр. Алдағы уақытта музыкант-оқытушы болады. Солтүстік Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылады. 

Сымбатты атағына Диана Бисенова ие болды. Диана бухгалтер, ҚИЭУ магистратурасында оқиды. Би билеп, ән айтқанды жақсы көреді.

Вика Султаншина «Ең өнегелі» номинациясына ие болды. Виктория – болашақ ұстаз. Оқытушы кәсібін кішкентайынан армандаған. Татар тілін терең оқып үйренуде.

 Мадина Шакирова - «Ең шебер» атағына ие болды. Сұлу қыз жастайынан дәмді тағамдар пісіруді армандаған. Өскен соң кондитер болды. Үш жыл бұрын спортшы боламын деп қабылдады. Қазіргі уақытта қол күресімен айналысып жүр. Қорытындысы – облыс чемпионы атағына ие болды.

«Ең шаруашыл»  номинациясы Эльмира Мухамеджановаға тиесілі болды. Былтыр «Татар Қызы» республикалық байқауына қатысып, үшінші орынға ие болған. Эльмира би билегенді ұнатады және «Миллениум» би ұжымында сабақ береді.

Көрермендер ықыласына және Георгий Шаповалов фото түсіріліміне Яна Федорович ие болды.

 

 

Бөлісу: