Тасқын судан зардап шеккендерге білім беру гранты бөлінеді

10 Сәуір, 13:02 1796

AlmaU төтенше жағдай орын алған облыстардың 7 түлегіне бакалавриат дәрежесіне грант бөледі, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Талапкер соңғы ҰБТ сынағының сертификаты мен мотивациялық хатын Алматы Менеджмент Университетінің қабылдау комиссиясына 2024 жылдың 31 мамырына дейін өткізуі қажет.

Гранттар әрбір талапкердің жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып конкурстық негізде беріледі. Грант иегерлерінің есімін арнайы комиссия анықтайды. Бір айта кетерлігі, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға басымдық беріледі.

Сондай-ақ, AlmaU-да су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: