08.04.2024
10:28
1532
Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған мұғалімдер биыл аттестациядан өтпейді

Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған мұғалімдер биыл аттестациядан өтпейді

Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биыл аттестациядан өтпейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады, - делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Тоқаевқа су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берілгенін хабарлаған едік.