Тасқын кезінде жұртқа көмектескен итке қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр

Кеше, 17:27 627

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде журналистер су тасқыны кезінде көмек көрсеткен итті неліктен атып кеткенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Серік Шәпкеновтің сөзінше, өзі де бұл жаңалықты БАҚ жариялаған ақпараттан көрген. 

Сол бетте анықтадым. Бұл Махамбет ауданының Сарытоғай ауылы деген жерде болған. Былайша айтқанда, "пішөн" деген атты ит, яғни, су тасқыны кезінде әлеуметтік желілерде көп көрсетіле бастады. Бұл 28 қараша күні болған жағдай. Ол жерде сол ауылдың бір тұрғынынан арыз-шағым келіп түседі. Себебі тұрғын өзінің үйіне кіре алмай, бұралқы иттердің жүргені туралы хабар береді. Мамандар сол жерге келіп, итті аулау (уақытша ұйықтату) бойынша дәрі қолданады. Артынша Жайықтың жағасынан "пішөн" деген иттің өлексесі табылғаны анықталды. Қазіргі таңда факт бойынша арнайы қызметтік тағы басқа тексерулер жүргізіліп жатыр. Біздің өңірімізде бұралқы иттерді аулау бойынша заңға сәйкес ұйықтатып, содан кейін агрессивті иелері болмаған жағдайда жойылады. Басқа уақытта зарарсыздандырудан өтіп, ортаға қайтарылып отырады. Болған жағдай бойынша арнайы тексерулер аяқталғасын, себебі қандай болғаны жөнінде қосымша ақпарат беретін боламыз, – деді Серік Шәпкенов. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Атырау облысында биыл көктемгі су тасқыны кезінде құм салынған қаптарды тасып, жұртқа бөгет салуға көмектескен Пішөн деген итті әлдекімдер атып өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: