Ташкентте "Вe Woman" алғашқы Орталық Азия әйелдер форумы өтті

7 Наурыз, 10:51 931

Министрлердің кеңесшілері, қаржы саласындағы топ-менеджерлер, өнертанушылар, кәсіпкерлер және әлеуметтік жобалардың авторлары Орталық Азиядағы әйелдерді толғандыратын мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 елден 35-тен астам спикер өңірлік коммуникация, сондай-ақ әйелдер бастамаларын дамыту қажеттілігіне қолдау білдірді. 

Осылайша, "Be Woman" идеясының шабыттандырушысы — табысты қазақстандық кәсіпкер, филантроп, "Alto Club" және "Senior Club" әлеуметтік жобаларының авторы Жанна Кан: "Орталық Азиядағы Әйелдер көшбасшылығы ерекше сипатқа ие. Біз рухтың қаттылығы мен жұмсақтығын байланыстырамыз. Біз үшін отбасылық құндылықтар маңызды және бұл дәстүрлер біздің қазір жүзеге асырылып жатқан басқа салаларда көмектеседі. Яғни, өзіміздің стартаптарымызда, инновациялық идеяларымызда біз дұрыс құндылықтарға баса назар аударамыз", - деп атап өтті Жанна Кан.

Оман Сұлтандығының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Вафу Джабра Нассера Әл-Бусаиди де қатысушылар мен қонақтардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, өңір халқының әйелдер бөлігінің қажеттіліктерін көрсететін осындай өзекті және ауқымды оқиғаларды өткізудің ерекше рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, "Be Woman" форумының сессиялары әйелдер өздерінің керемет қасиеттерін көрсете алатын өмірдің барлық салаларын қамтыды. Сондай-ақ, кәсіпкер, парфюмерлік брендтің негізін қалаушы, өнертану ғылымдарының кандидаты Гүлчехра-Бегім Махмудова (Өзбекстан) білім берудің рөлі мен сапасы туралы айтты: "Білім беру маңызды сәттердің бірі болып қала береді. Жаңа технологиялар әйелдерге ақпарат табуға, білім алуға және әртүрлі салаларда жаңашыл болуға көмектеседі".

Әлемнің қаншалықты тез өзгеретінін ескере отырып, ең маңызды дағдылардың бірі – өзін-өзі оқыту, шығармашылық және қиял тақырыбы қозғалды.

Жасанды интеллектке қарағанда біздің артықшылығымыз- сыни ойлау, даму қабілеті. Біздің өңірдегі әйелдер жаңашылдықтан қорықпайды және бұл өте маңызды үрдіс, - деп, атап өтті Қырғызстандағы креативті индустриялар қауымдастығының негізін қалаушы, кәсіпкер Айнұр Аманалиева.

Форумның жеке тақырыбы ретінде цифрлық болашақ және IT-дегі әйелдер қарастырылды, онда цифрландырудың әлеуметтік саладағы кәсіпкерлікпен тығыз байланысы атап өтілді - онлайн-білім беруді кеңейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жедел ден қою, сондай-ақ онкологиялық ауруларды анықтау және жүктілік пен босану кезіндегі әйелдерді онлайн-қолдау.

"Be Woman" форумында Түрікменстандағы "Бизнестегі әйелдер" қауымдастығының төрағасы Гүлшат Петросова және Нью-Йорктен келген арнайы қонақ, американдық кәсіпкер Wendy Diamond (Венди Даймонд) сөз сөйледі. Венди өзінің LDP Ventures инвестициялық компаниясы туралы, сондай-ақ әлеуметтік жауапты кәсіпорындарды қалай қолдау керектігі туралы айтты. "Өз идеяларыңызбен, армандарыңызбен байланыста болу өте маңызды. Көбінесе мұндай дұрыс ойлар мен импульстар балалық және жасөспірімдік кезеңнен басталады. Біз өзімізбен байланысқан кезде біз ерекше жолды түсінеміз, содан кейін жұмыс пен бизнесте дұрыс мақсаттарды тұжырымдаймыз.  Осыдан дұрыс байланыс басталады. Біз көмекті, ақпаратты қабылдай аламыз, үйрене аламыз. Содан кейін-керісінше, беру және көмектесу, ресурстарды бөлісе аламыз. Бұл форум осындай дұрыс өзара әрекеттесудің мысалы болып табылады", - деп бөлісті Венди Даймонд.

Сонымен қатар, "Be Woman"-ның  арнайы қонағы Элен Нур (Франция) - инфлюенсер, "Өзбекстаннан Францияға" блогының авторы. Шығыс әйеліне қалай әлемді жаулауға болады" ашық болуға және қиын кезеңдерде көмек іздеуден қорықпауға шақырды. "Біз бәріміз көтерілу мен құлдырау кезеңдерін бастан өткереміз және оған байсалды және шынайы қарау керек. Қиындықтарды мойындаудан, жаңа коммуникациялар мен көмек іздеуден қорықпаңыз. Біздің қателіктеріміз, егер біз оларды мойындап, қорытынды жасай алсақ олар бізді мақсаттарымызға жетелейді. Осал болудан қорықпау және оны дұрыс білдіре білу де біздің күшіміздің бір бөлігі", – деп атап өтті Элен Нур.

Сонымен қатар, арнайы қонақтардың қатарында ер адамдар да болды, психология ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының докторы, Ресейден келген кеңесші Алексей Ситников Ташкентте "Жеке тұлғаның тағдыры мен бизнесті басқару"тақырыбында сөз сөйледі.

Біздің балаларымыз, жақындарымыз үшін жасай алатын ең жақсы нәрсе – бақытты болу. Ал сіздің қай салада жұмыс жасап, дамып жатқаныңыз маңызды емес, егер сіз істеп жатқан жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, форум қатысушылары сияқты күшті болып және ол күшпен өзгелермен бөлісе аласыз, - деп бөлісті Алексей Ситников.

Естеріңізге сала кетейік, "Be Woman" бірінші ортаазиялық әйелдер форумын өткізудің бастамашысы қазақстандық кәсіпкер Жанна Кан болды. Ташкенттегі кездесулерден кейін әйелдер көшбасшылары Қазақстан мен Қырғызстанда кездеседі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: