«Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі бүгін Оралда өтеді

6 Тамыз 2022, 09:00 1740

. Гранд финал елордада 8 қыркүйек күні өтеді

Республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі бүгін Орал қаласында өтеді, – деп хабарлайды El.kz.

Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу, ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры. 

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткендей, фестиваль жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де ҚР Тұңғыш Президенті алаңында басталады. 

Қатысушылар сағат 09:00-12:00 аралығында тіркеледі.

Фестивальға 350-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. 

Гранд финал елордада 8 қыркүйек күні өтеді. Еске сала кетейік, «Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын.  Сондай-ақ, бұған дейін фестиваль Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасын тапты.

Бөлісу: