Тараздағы жарылыстың себебі анықталды

23 Маусым, 11:11 1103

Тараз қалалық әкімдігі Қарасу шағын ауданындағы жарылыстың себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, бастапқыда айтылғандай газ құбыры жарылмаған.

Тараз қаласы «Самал» мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясындағы 414 ұяшықтан шығып №10 тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жер асты кабелі істен шыққаны анықталды. Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі болған жерден өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10 мөлтек ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді, - делінген мәліметте.

Апаттық жағдай болған жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: