27.12.2022
13:03
1820
Тараздағы өрт кезінде 32 адам эвакуацияланды

Тараздағы өрт кезінде 32 адам эвакуацияланды

Таразда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).

Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Осы орайда, ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

- Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта қоспау;

- Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау;

- Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамау;

- Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет.