Таразда жолаушылар тасымалдайтын маршруттық автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
29 қаңтарда Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған.
Полиция департаменті адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша соталды тергеуді бастағанын хабарлады. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны немесе көлік құралдарын басқарушы адамдардың көлік құралдарын пайдаланғаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Сот сараптамалары тағайындалды.