Таразда жаңа шағын ауданын жылумен қамту жұмыстарын тексеріп жатыр

26 Қаңтар, 01:32 769

Тараз қаласындағы  «Ұлы дала» шағын ауданын жылумен қамту жұмыстарының сапасын тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы шағын аудандағы бірқатар бірнеше көпқабатты үйлерді аралап, беріліп жатқан жылу деңгейі мен жертөлелердегі сорғы қондырғыларын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Тұрғындар бірқатар коммуналдық мәселелерді көтеріп, жылудың тұрақты берілуіне қатысты өтініштерін жеткізді. Тараз қаласының басшылығы жекелеген көпқабатты тұрғын үйлердің жылу желілерінде туындаған ақауларға байланысты қажетті шаралар қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі мұндағы жылу жүйесіне арналған қосалқы сорғы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ербол Қарашөкеев нысанды 10 ақпанға дейін іске қосу үшін жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Бұл өз кезегінде шағын аудандағы тұрғын үйлерді қажетті жылумен тұрақты қамтуға, жылу ағымын реттеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек шағын аудандағы жылу жүйелерінің ауқымын ұлғайту жоспарлануда.

«Ұлы дала» шағын ауданында жылытуға қатысты мәселелер жиі көтеріледі. Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек. Ол үшін жұмыстардың жүйелі жүргізілуі маңызды. Қала басшылығы тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде көңіл бөліп, нәтижелі шаралар қабылдап отыруы тиіс, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Ұлы дала» шағын ауданындағы жолдардың сапасы сын көтермейтініне назар аударды. Қала әкіміне шағын аудандағы инфрақұрылымның ұлғайтылуына байланысты көшелердің барлығын биыл асфальттаудан өткізу бойынша нақты міндеттер жүктеді. Бұл бойынша бір аптада нақты жоспар жобасын құрып, баяндауды тапсырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: