13.03.2023
19:00
1338
Таразда той кортежінде ереже бұзғандарға айыппұл салынды

Таразда той кортежінде ереже бұзғандарға айыппұл салынды

Таразда бейнебақылау жүйелері той кортежіндегі Tоyota Prado 150 және Audi автокөліктерін түсіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 606-бабы, 599-бабының 1-бөлігі, 596-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кортедж құрамында болған тағы 10 автокөлік иесі анықталды. Lexus, Nissan автокөліктерінің жүргізушлеріне ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабымен, Land Rover, Hyundai, Priora, Hyundai автокөліктерінің жүргізушілеріне 590-бабымен, Nissan автокөлігінің иесіне 593-бабы 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Барлық көліктер айыптұраққа қойылды. Тәртіп бұзушыларға 313 635 теңге айыппұл салынды.