Таразда Тәжікстан консулы этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

4 Қазан 2019, 12:37 2401

Тараз қаласының Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі (ЭМБ) мүшелері Қазақстандағы Тәжікстан консулы Баходур Казрилмен кездесті. Жиынға Аналар және ақсақалдар кеңестерінің мүшелері қатысты. 


Тәжікстан консулы Қазақстан және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы ілгерілікті атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлері мен тәжік ЭМБ мүшелеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар кездесу барысында әлеуметтік-тұрмыстық және заңды сипаттағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, азаматтық алу, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы және соның салдарынан тұрмыстық жағдайда туындайтын көптеген мәселелер қозғалды.


Бөлісу: