Таразда құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде 4 адамды эвакуациялап, аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«112» пультіне Тараз қаласындағы бір қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір пәтердің шатырында 25 шаршы метр аумақта өрттің болғаны анықталды.
ТЖМ күшімен пәтерден 4 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде сөндіріп, оның ары қарай таралуына жол бермеді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда.