05.05.2025
05:31
1923
Таразда қауіпті жәндік тұрғындарды шошытты

Таразда қауіпті жәндік тұрғындарды шошытты

Таразда ТЖМ құтқарушылары үйге кірген қауіпті жәндікті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласында ТЖМ қызметкерлері жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп кеткен жылан туралы хабарлама түскеннен кейін шақыруға шыққан.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, жыланды ұстап, оны бөтелкеге салып, азаматтарға қауіп төндірмес үшін қауіпсіз жерге жеткізді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бұл ретте ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды қаперге салады.