Таразда қатты дауылдан үйлер жарықсыз қалды

16 Қараша 2022, 04:50 1872

Электр желісі автоматты түрде істен шығып, 28 үй жарықсыз қалды

Таразда дауыл соғып, айналаны астан-кестен етті. Синоптиктер соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жеткенін айтады, деп хабарлайды El.kz.

2022 жылы 14-15 қарашада қала әкімшілігіне Төле би даңғылындағы №116 және Менделев көшесіндегі №13 үй тұрғындары тарапынан өтініштер келіп түскен. Жел аталған үйлердің шатырын жұлып кеткен.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандары шатырының бүліну фактісі тіркелмеді.

"Қазіргі уақытта дауылдың салдарынан "Шаңырақ" ауданындағы электр тарату пунктінен 920-шы трансформатор торабына жүргізілген электр желісі автоматты түрде істен шығып, 28 үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, 15-ші ықшам ауданда (19 учаске) төрт көпқабатты тұрғын үйдің жарығы да апатты жағдайға байланысты автоматты түрде сөндірілді", - дейді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
EL.KZ
Бөлісу: