Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды

21 Қазан 2022, 13:55 1801

Сөмкеден МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді

Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 19 қазанда Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар қапты анықтады.

Қаптан МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

 Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Бөлісу: