Таразда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

4 Тамыз, 19:00 568

Тараз қаласында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыс нысанының шатырында өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 4 газ және 1 өттегі баллонын қауіпсіз аймаққа алып шығып, жарылыстың алдын алды.

Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: