Таразда өрт кезінде тұрғындар құтқарылды

26 Тамыз, 09:24 266

Таразда болған өрт кезінде 4 тұрғын құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, оның үшеуі балалар, түтін аймағынан 10 тұрғынды эвакуациялады.

Тұрмыстық заттардың жануы 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: