Таразда Ұлы Жеңістің 73 жылдығы тойланды

9 Мамыр 2018, 11:19 1578

9 мамыр күні тараздықтар Ұлы Жеңістің 73 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Отан үшін от кешіп жанқиярлықпен қаза тапқан батырларды еске алу шаралары «Достық» алаңы мен Ақәділ Сухамбаев ескерткішінен «Жеңіс» саябағына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруімен бастау алды. Шара барысында қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің «Даңқ» аллеясына, 1941-1945 жж қаза болған жауынгерлердің стелласына, ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискіге, Совет одағының батырлары Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев, А.Сухамбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді.

«Жеңіс» саябағындағы  «Ерлік» мемориалдық кешені мереке күні салтанатты түрде ашылды. Мемориалды кешеннің қақ ортасына батыр бабамыз  Бауыржан Момышұлының ескерткіші қойылып, «Мәңгілік алау» орнатылды.

Соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен батыр бабамыз, 1920 жылы Жамбыл облысының  Свердлов ауданында дүниеге келіп, 1944 жылы Польшада қаза тапқан, Совет Одағының Батыры Ақәділ Сухамбаев пен «Даңқ» мемориалды кешенінде батыр бабалардың рухына бағыштап облыстық  ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдері гүл шоқтарын қойды.

 

 

Бөлісу: