Таразда «Күзгі тазалық» эко акциясы өтті

5 Қыркүйек, 14:02 341

Таразда «Күзгі тазалық» эко акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.

Бүгін «Таза Қазақстан» акция аясында «Бәйтерек» ықшам ауданында орналасқан каналдың аумағы мен көпсалалы балалар ауруханасының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: