Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

8 Қараша, 17:47 658

11 қарашада Таразда күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады. Спорттың әр түрінен он салмақ дәрежесінде медалдар сарапқа салынады.

11 қарашада «классиктер» арасында жарыстар басталады. Ал 13 қарашада әйелдер арасындағы үздіктер анықталады. Кубокты қорытындылайтын еркін күрес шеберлері, 14 қарашада жүлделі орындар үшін күреседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: