25.03.2024
22:27
1015
Таразда көпқабатты үй балконында өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

Таразда көпқабатты үй балконында өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысының орталығы Таразда көпқабатты тұрғын үй пәтеріндегі балконда өрт шықты. Оқиға 3-қабатта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына 27 қызметкер және 9 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтеншеліктердің көмегімен 14 адам эвакуацияланды, оның бесеуі - кәмелет жасына толмаған бала.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.