Тараз қаласындағы Айтиева көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті толық сөндірді. Түтін басқан пәтерден 4 адам, оның ішінде бір мүгедек адам құтқарылды. Зардап шеккендерді «Апаттар медицинасы орталығы» бригадасы қарап, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар өрт кезінде өзге пәтерлердегі 25 тұрғын өз бетімен үйден шығып үлгерген.