30.07.2024
23:50
1168
Таразда көп қабатты үйдің шатыры өртенді

Таразда көп қабатты үйдің шатыры өртенді

Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласының 10-шағын ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында электр қалқаныан шыққан от шатырға өтіп, төтенше жағдай туындады.

ТЖМ күштері үйдің кіреберісінен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен 5 шаршы метр аумаққа жайылып, дер кезінде сөндірілді.

ТЖМ қызметі өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды қаперге салады.