08.02.2025
18:40
892
Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Ж.Дүрімбетов көшесі бойында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барып, 1 мың шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.