25.12.2023
10:21
1591
Таразда балабақша басшылары 13 млн теңге ұрлаған

Таразда балабақша басшылары 13 млн теңге ұрлаған

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасының ақпаратында.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.