Таразда «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру барысы талқыланды

23 Тамыз 2019, 11:29 2610

Тараз қаласының Достық үйінде «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер  бойынша  Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Т.Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен облыс әкімдігі білім басқармасының басшылары баяндама жасады.


Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева баяндамасына сәйкес «Қазақтану» - барлық этностар арасында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған жоба. Осы тұста жобаның жастар үшін ерекше маңызы бар. Аталмыш жоба қазақ мәдениетінің дәстүрге бай тарихына терең үңілуге, көшпелі халықтың сан ғасырлық философиясын түсінуге жол ашады. Ол қазақ халқының құндылықтарын рухани қабылдау арқылы жас қазақстандықтарды біріктіруге жаңа серпін береді».

 

Жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақтану» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясында 15 іс-шара, 2019 жылдың бірінші  жарты жылдығында барлығы 6850 адам қатысқан 11 іс-шара өткізілген. 2019 жылдың екінші жарты жылдығына 11 іс-шара жоспарланған. «Мәміле» клубы, шеберлердің қолөнер клубы өз жұмысын жалғастыруда.

Жиын соңында этномәдени бірлестік өкілдері мен жастарына қазақ халқының танымал ғылыми, деректі, көркем фильмдердің көрсетілімдері мен талқылауларын ұйымдастыру, сондай-ақ аға буын мен жастарға аймақтық тарихи орындар мен қорықтарға саяхат жасатып, қазақ халқы тарихының ұмытылмас беттерін зерделеу туралы викторина мен интеллектуалды турнир ұйымдастыру және ассамблея іс-шараларын іске асыру туралы шешім қабылданды.  

Бөлісу: