Жол апаты бүгін, 4 қаңтарда, сағат 10:45-те болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
№56 автобустың 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрақта тұрған он көлікті соқты.
Қоғамдық көлікте 10 жолаушы болған, олардың бірі – 56 жастағы әйел жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Автобус жүргізушісіне қатысты «Жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.