02.09.2025
21:08
544
Таразда 1 қыркүйек күні оқушы көз жұмды

Таразда 1 қыркүйек күні оқушы көз жұмды

Таразда екі жасөспірім арасында туындаған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Олардың бірі пышақ жарақатын алып, дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Куәгерлердің айтуынша, кикілжің тұрмыстық себептен туындаған. Айтуларынша, төбелеске қатысқандар бір-бірін бұрын танымайтын және оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болған.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті оқушының қаза тапқанын растады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.