Тарас Шевченко шығармашылығындағы әйел тағдыры

11 Наурыз 2015, 10:53

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау аясында Астана қаласының «Оберег» украиндер қоғамдық бірлестігі Тарас Шевченконың туған күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау аясында Астана қаласының «Оберег» украиндер қоғамдық бірлестігі Тарас Шевченконың туған күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. «Тарас Шевченко шығармашылығындағы әйел тағдыры» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің ғылым және мәденит орталығы атсалысты.

Кездесу барысында Тарас Шевченко туралы кітап көрмесінің және «Т.Шевченконың туған күніне арналған кәдесыйлар» көрмелерінің ашылу салатанаты болды. Шараға келушілер Тарас Шевченко туралы кинофильмді тамашалады.

Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасындағы Украина істері бойынша уақытша сенімді өкіл Юрий Лазебник Украинадан шет тұратын украиндықтарға «Закордонного українц» куәлігін табыстады.

Сондай-ақ, «Шевченко және Қазақстан» жинағының таныстырылымы өтті (Ұлы кобзарьдың 200 жылдығына арналған Шевченко оқуларындағы материалдар бойынша). Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факултетінің студенттері Абай мен Шевченко өлеңдерін жатқа оқыды.

Астана қаласындағы «Оберег» украиндер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Шример «Т.Г.Шевченконың тіған күніне арналған кәдесыйлар» қалалық көрме-байқауының қорытындысын жариялады. Байқау белігі украин жазушысының туған күніне ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Байқауға қатысушылардың жұмыстары дөңгелек үсте жиынында көрсетілімнен өтті. Жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шевченко тек Украинаның ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның да ұлттық ұраны, рухани демеушісі.  Біздің еліміз оны ұлы ақын, суретші және ағартушы ретінде, украин халқының рухани көсемі ретінде құрметтейді. Оның негізгі шығармаларының қасиетті қазақ жерінде дүниеге келгенін мақтаныш етеміз.

Т.Г.Шевченконың қазақ елінде болған кезеңі оның шығармашылығындағы ең жемісті кезең болды, оны «Шевченко және қазақ елі» деген атаумен тұтас бір шығармашылық кезеңге жатқызуға болады.

Мұхтар Әуезов Украин халқының үлы перзенті, суретшісі, ақыны Тарас Шевченко туралы «Досымыз біздің», «Туысымыз біздің» ... деп мақтана, сүйсіне айтты. Тарас Шевченконы өмірімен,шығармашылығымен кең танысқан ұлы адамның ризашылық көңілі еді бұл. Бұл өлкеде Тарас деген есімдер көп кездеседі. Бұл Тарас Шевченконың ұлылығын еске алып, Тарастай адал да атақты адам болсын деген тілек болуы керек. 

Лейла Нұрпейісова

Бөлісу: