Республика аумағында жалпы ұзындығы 13 мың шақырымға жуық сегіз транзиттік автокөлік дәлізі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-Министр бұл жұмысты көршілес елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға қарай логистикалық бағыттарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысының айтуынша, аталған тәсіл мемлекеттер арасындағы автожолдардың түйіскен жеріндегі «тар жолдарды» тезірек жоюға және соның арқасында жүк айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.