Танзанияда 4 ай ішінде жауын-шашыннан 40-қа жуық бала қайтыс болды

1 Мамыр 2023, 15:05 988

Шығыс Африка аумағындағы Танзания мемлекетінде қаңтар мен 28 сәуір аралығындағы нөсер жаңбыр салдарынан 37 бала ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға туралы Танзания полициясының өкілі Дэвид Мисиме мәлімдеген. Қытайлық Синьхуа агенттігінің жазуынша, Д.Мисиме өз мәлімдемесінде ата-аналарды жаңбыр кезінде балаларын үйден шығармауға кеңес берді. 

Сонымен қатар, ол сәйкес органдарды су сақтайтын орындарға, құдықтарға белгі қоюға үндеп отыр. Қазіргі уақытта Танзания метеорологиялық қызметі елдің түрлі өңірлеріндегі толассыз жаңбыр су тасқынына ұласуы ықтимал екенін ескертті. 

Асқар Таудай
Бөлісу: