05.03.2024
09:11
1426
Танымал журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды

Танымал журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды

Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды. 

Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.