Латвиялық баскетболшы Янис Тимманың денесі бұрынғы әйелі, белгілі әнші Анна Седокованың үйінен үш шақырым жерде орналасқан жатақханадан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SHOT мәліметтері бойынша,спортшы бір күн бұрын әншіні туған күнімен құттықтау үшін кездесуге тырысқан. Бірақ, кездесу орын алмаған. Осыдан кейін ол әншінің үйінің жанындағы жатақханаға барып, өз-өзіне қол салған.
Спортшыға әншімен ажырасу қатты соққы болған деген болжам бар. Ол ұзақ уақыт депрессияда жүрген. Ол өз-өзіне қол салардан бұрын телефонының бетіне "Аннаға хабарласыңыз" деп жазып, әншінің нөмерін қалдырған. Қайғылы оқиға орын алған жатақхана қазір жабық.