Танымал шоумен президенттерден кешірім сұрады

17 Шілде, 19:20 856

Қазақстандық шоумен Нұртас Адамбай бұрын араздасқан танымал тұлғалардан кешірім сұрайтынын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешірім сұрауды ең алдымен Мәжіліс депутаты Ринат Заитовтан бастады.

Өз ақымақтығыммен сізді айыптағаным үшін кешірім сұраймын. Елді жақсартуға деген талпынысыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деп жазды шоумен.

Кешірім сұраған келесі адам ІІМ әкімшілік полициясы басшысының орынбасары болды. Шоумен одан жұмыстан босатылу туралы сәтсіз әзілі үшін кешірім сұрады.

Содан кейін Нұртас Адамбай Ресей президенті Путиннен әлеуметтік желілердегі жария сыны үшін кешірім сұрады.

Владимир Путиннен, өз ақымақтығымнан оны айыптап, ашуланғаным үшін кешірім сұраймын. Сізге отбасылық құндылықтарды сақтау үшін күресіп, өз еліңізде жат нәрселердің насихатына қарсы шыққаныңыз үшін алғысымды білдіремін, - деп жазады Адамбай.

Сондай-ақ Беларусь басшысы Лукашенкодан кешірім сұрап, оның атқарып жатқан қызметі үшін алғыс айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: