Танымал украиналық әнші Иван Дорн ДНҚ-тест жасатып, оның нәтижесіне таңғалғанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзіне қарағанда, тест оның бойында қазақтың қаны бар екенін көрсеткен. Бұл туралы ол Instagram-да жазды.
Вуаля! Менің ДНҚ-тестім бойымда балқан және қазақтың қаны барын көрсетті. Ол жақтағы туыстарым қашан хабарласады екен деп күтіп жүрмін, - деп жазды әнші.
Өнер иесінің бұл жаңалығы оның қазақстандық тыңдарманын да бейжай қалдырмаған.
«Бәрі түсінікті еді. Қазақстандық әпкеңнен сәлем!», «О, бауырым!», «Мен сіздің Қазақстандағы туысыңыз болуым әбден мүмкін», «Қазақстан сені жақсы көреді», «Ет асып күтіп аламыз», «Сенің жылқының еті мен бешбармақты жақсы көретініңнің себебі түсінікті болды», - деп жазған оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Иван Дорн 1988 жылдың 17 қазанында Ресейдің Челябі қаласында туған. 1990 жылы әкесінің жұмысына байланысты Славутич қаласына (Украина) қоныс аударған.
Он – украиналық әнші, музыкант, көптеген танымал әннің авторы, продюсер, диджей, актер және тележүргізуші.