Танымал шахматшы Дин Лижэнь бүлдіршіннің тұсауын кесті

Танымал шахматшы Дин Лижэнь бүлдіршіннің тұсауын кесті

Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты қазақтың жақсы дәстүрімен жалғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың әйгілі шахматшысы, 17-ші әлем чемпионы Дин Лижэнь жас қазақстандыққа тұсаукесер рәсімін жасады.

4 тамызда Астанадағы Hilton қонақ үйінде гроссмейстер, қазіргі әлем чемпионы жақында бір жасқа толатын кішкентай Шыңғыстың тұсауын кесті.