Танымал сән дизайнері Иссей Мияке 84 жасында дүниеден өтті

10 Тамыз 2022, 10:30 913

Ол ультразаманауи силуэттер мен бүктелген маталарды қамтитын революциялық сән үлгілерімен танымал

Бүкіл әлемге әйгілі жапондық сән дизайнері Иссей Мияке 84 жасында бауыр ісігінен көз жұмды. Ол ультразаманауи силуэттер мен бүктелген маталарды қамтитын революциялық сән үлгілерімен танымал, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Казунари Мияке елдің батысындағы Хиросима қаласында дүниеге келген. 2010 жылы ол сән индустриясына қосқан үлесі үшін Жапонияның Мәдениет орденін алды, ал 2016 жылы француз үкіметі оны Құрметті легион орденімен марапаттады.

Мияке 1999 жылы брендтің негізгі сән топтамаларын жасаудан шығып, жаңа дизайнерлерді оқытуға кірісті. Сонымен қатар, көптеген жаңа жобаларды қолға алды, соның ішінде Токионың Роппонги ауданында дизайн музейін ашты, 21_21 Design Sight жасады.

Сондай-ақ, 2011 жылғы наурызда ұлы шығыс-жапон жер сілкінісінен зардап шеккеннен кейін, Тохоку аймағының мәдениеті мен киім үлгілеріне назар аударту мақсатында көрме өткізді.

Бөлісу: