02.04.2025
18:40
1018
Танымал отандық футболшы бас хатшы қызметіне тағайындалды

Танымал отандық футболшы бас хатшы қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚФФ мәліметінше, атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды.

Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері, - делінген мәліметте.