Танымал ИК тобының экс-режиссері Қуаныш Бейсеков шаңырақ көтерді

25 Сәуір 2023, 17:30 2507

Соңғы жылдары танымалдыққа ие болған «Ирина Кайратовна» тобының бұрынғы режиссері, 27 жастағы Қуаныш Бейсеков некесін қиды, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. Белгілі болғандай, оның болашақ жары әртіс Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай. Жұбайы «Қазақ хандығы» фильміндегі Бұрындық ханның әйелі Қызданайдың рөлін сомдау арқылы танымал болған. 
Режиссер Instagram әлеуметтік желісінде Ғазиза-Таңшолпан Тілеубайбен неке қиғаннан кейін сурет жариялады.

Алланың қалауымен некемізді қидық – деп жазды Қуаныш Бейсеков.

Айта кетейік, Ғазиза кино әлемінен бөлек, кәсіпкерлікпен айналысады. Ол ұлттық киімдер тігетін киімдер брендінің иесі. Одан бөлек, актриса алғашқы некесінен туған баласын тәрбиелеп отыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: