Танымал боксшыны айыптаған бойжеткенге қатысты тағы бір жайт анықталды

26 Тамыз, 10:00 9266

Танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлінің басқа дауға қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазда бойжеткеннің Алматыдағы тамақтанатын орындардың бірінде телефонын жоғалтып алғанын айтып шу шығарып, полиция шақырған. Кадрдан телефонның қыздың қолында екенін байқауға болады.

Видеодан бойжеткеннің балағат сөздер айтып, бөтен біреудің телефонын тартып алғысы келгенін көруге болды.

Боксшының өзі бұған қатысты мәлімдеме жасап, мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз конференциясын өткізетінін де айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: